• Басты бет
  • /
  • Мектептегі үйірмелер мен секциялар
Мектептегі үйірмелер мен секциялар

Мектебімізде жаңа оқу жылының басталуы көптеген оқиғаларға толы. Жарқын да қызықты білім күні, «Көптілділік – уақыт талабы» ұранымен өткен бірінші оқу аптасы барысында оқушыларымыз үш тілдік пән бойынша өз білімдерін көрсетті.
Бүгін оқушыларымыз асыға күткен тағы бір маңызды оқиға орын алды.
Мектеп мұғалімдерінің демалыс күні секциялар мен үйірмелерге келуге тілек білдірушілердің аз болатынына деген күдігі белгіленген уақыттың алғашқы минуттарында-ақ сейілді.
Осындай көптеген үйірмелер, шығармашылық жұмыстар мен спорттық секциялар әр балаға өзіне ұнайтын нәрсені таңдауға мүмкіндік береді. Ал біздің оқушыларымыз өз таңдауын алдын ала жасағаны анық. Барлық қабаттарда балалардың дауысы естіледі. Бір сыныпта домбыра тартуды үйреніп жатса, екіншісінде жол ережесі, үшіншісінде театрландырылған қойылым туралы ойласуда...
Акт залында жаңа биді үйреніп, ал шеберханаларда балалар өздері қозғалатын модельдерді қалай жасау керектігін қызығушылықпен тыңдады.
Ал жаттығу залының өзіндік ерекше атмосферасы бар. Шулы, ойнақы. Әрине! Жеңіс бәрінен бұрын!
Жаңа оқу жылындағы алғашқы сенбі күні сәтті өтті.